Accessibility links

Ұлыбритания "тыңшылық жасады" деген күдіктіні елде қалдыратын болды


Ұлыбританиялық депутат Майк Хэнкоктың көмекшісі болған Екатерина Затуливетер. Лондон, 27 қазан 2011 жыл.

Ұлыбританиялық депутат Майк Хэнкоктың көмекшісі болған Екатерина Затуливетер. Лондон, 27 қазан 2011 жыл.

Ұлыбританияның әділет органдары тыңшылықпен айналысты деп айыптаған 26 жастағы ұлты орыс азамат Екатерина Затуливетерді сол елде қалдыратын болды.

Екатерина Затулиеветер өткен жылдың желтоқсан айында Ұлыбритания депутаты Майк Хэнкоктың кеңсесінде жұмыс істегенде Ресей барлау қызметіне ақпарат бермек болды деген күдікпен тұтқындалған. Затуливетер депутатпен төрт жыл бірге жұмыс істескенін, бірақ тыңшылықпен айналыспағанын айтады.

Депутаттың көмекшісіне тыңшылық жасады деген айып тағылған жоқ. Бірақ Ұлыбритания билігі оны елдің қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп елден шығарғысы келген. Алайда Ұлыбританияның арнайы иммиграциялық шағым беру комиссиясы бүгін Екатерина Затуливетердің Ұлыбританияда қалуына болады деген шешім шығарды.
XS
SM
MD
LG