Accessibility links

Пәкістан Ауғанстанға қатысты жиынға бармайды


Қолына плакат ұстаған жас бала НАТО-ға қарсы өткен демонстрацияға қатысып тұр. Исламабад, 29 қараша 2011 жыл.

Қолына плакат ұстаған жас бала НАТО-ға қарсы өткен демонстрацияға қатысып тұр. Исламабад, 29 қараша 2011 жыл.

Пәкістанның аты-жөнін атамаған үкімет өкілі 5 желтоқсанда Ауғанстанның болашағына байланысты Германияның Бонн қаласында өтетін халықаралық конференцияға Исламабадтың қатыспайтынын мәлімдеді.

Ол мұны НАТО күштерінің Пәкістан әскери бекетіне жасаған шабуылына қарсылық деп түсіндіреді. Бұл шешім Пәкістан үкіметінің отырысында қабылданған.

Пәкістанның НАТО және АҚШ-пен қарым-қатынасы 26 қарашада Исламабад Пәкістаннан Ауғанстанға кетіп бара жатқан НАТО-ның жүк көліктерін тексеру бекетінде тоқтатқаннан кейін суып кетті. Сол күні Пәкістанның Ауғанстанмен шекарасындағы Мохманд аймағына НАТО күштері әуеден соққы беріп, Пәкістанның 24 сарбазы қаза тапты.

НАТО "бұған Пәкістан әскерінің өзі кінәлі" деген. Пәкістан армиясының басшысы Атар Аббас: "НАТО мен Ауғанстан сылтау тауып, жағдайдан сытылып шыққысы келеді",- деп, мұны жоққа шығарды. НАТО кейін әуе шабуылын тергеуге кіріскенімен, Пәкістан әскерлерінің өлімі елде ашу-ыза туғызды.
XS
SM
MD
LG