Accessibility links

Иран шетел ақпарат құралдарына шерулер жайлы хабар таратуға тыйым салды


Демонстранттар Ұлыбритания елшілігінің алдында Ұлыбритания туын өртеп жатыр. Тегеран, 29 қараша 2011 жыл.

Демонстранттар Ұлыбритания елшілігінің алдында Ұлыбритания туын өртеп жатыр. Тегеран, 29 қараша 2011 жыл.

Иран шетелдік ақпарат құралдарына Тегерандағы Ұлыбритания елшілігінің алдында болған кез-келген шеру жайлы ақпарат таратуға тыйым салды деп хабарлайды "Ассошиэйтед пресс" агенттігі.

Иран билігі бұрын да шетелдік ақпарат құралдарына оппозициялық наразылық шерулері жайлы хабар таратуға тыйым салып келген. Бірақ үкіметті жақтайтын шерулер жайлы хабар таратуға бірінші рет тыйым салып отыр.

29 қарашада мыңдаған ирандық Тегерандағы Ұлыбритания елшілігінің қос ғимаратына шабуыл жасап, Ұлыбританияның туын өртеген. Лондон бұған жауап ретінде Ирандағы елшілігін жауып, дипломатиялық байланысын үзді.
XS
SM
MD
LG