Accessibility links

БҰҰ Сирияға қатысты төтенше жиын өткізеді


Хомс провинциясының әл-Халидия ауданындағы билікке қарсы өтіп жатқан шерулер. Сирия, 28 қараша 2011 жыл.

Хомс провинциясының әл-Халидия ауданындағы билікке қарсы өтіп жатқан шерулер. Сирия, 28 қараша 2011 жыл.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі бүгін Сириядағы қақтығыстарға қатысты төтенше отырыс өткізеді. Женевада өтетін отырыс Адам құқықтары жөніндегі кеңестің Сирияда тәуелсіз тексеру жүргізгенінен соң өткелі отыр.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің бас комиссары Нави Пиллэй бейсенбі күні Сириядағы билікке қарсы наразылықтарда қаза тапқандардың саны 4 мыңнан асып кеткенін хабарлады. Ол сондай-ақ Сириядағы жағдайды "азаматтық соғыс" деңгейіне жетті деп бағалады. Оның бұлай деуіне армиядан қашқандардың үкімет күштеріне қарсы қаруланып, бас көтеріп жатқаны себеп болды.

Еуроодақ пен АҚШ Башар әл-Асад режимінің шерушілерге қарсы шабуылын тоқтату үшін 1 желтоқсаннан бастап Сирияға жаңа санкциялар енгізді.
XS
SM
MD
LG