Accessibility links

Орталық сайлау комиссиясы: "Азат" сайлау комиссиясына өз өкілін жібере алады


Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос. Алматы, 23 қараша 2010 жыл.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос. Алматы, 23 қараша 2010 жыл.

Орталық сайлау комиссиясы ОСК "Азат" жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) сайлау учаскелерінің комиссияларына өз өкілдерін кеңесші ретінде жіберу мерзімін 15 желтоқсанға дейін ұзартты деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Бүгін орталық сайлау комиссиясы осыған қатысты қаулы қабылдады.

"Азат" партиясымен кездесіп, партияның сайлау учаскелерінің комиссияларына өз өкілдерін кеңесші ретінде жіберу мерзімін сайлау комиссиялары жұмысын бастағанға дейін ұзартуға болады деп ойлаймын. Ал комиссия дауыс беруге бір ай қалғанда, яғни 15 желтоқсанда жұмысын бастайды" деді ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоос.

Бұған дейін "Азат" ЖСДП-ның «билік партияға кезекті рет сайлауда берілетін дауыстарды санауға қатыстырмаудың амалын қарастырып жатыр» дегенін хабарлаған болатынбыз.
XS
SM
MD
LG