Accessibility links

Еуроодақ мемлекеттері "қаржы одағын" құрғалы жатыр


Германия канцлері Ангела Меркель ел парламенті - Бундестагта сөз сөйлеп тұр. Берлин, 2 желтоқсан 2011 жыл.
Германия канцлері Ангела Меркель ел парламенті - Бундестагта сөз сөйлеп тұр. Берлин, 2 желтоқсан 2011 жыл.
Германия канцлері Ангела Меркель бүгін Еуроодақ мемлекеттерінің «қатаң тәртіптегі қаржылық одақ» құрғалы жатқандарын мәлімдеді. Бұл қаржы дағдарысының еуроға төндіріп отырған қаупіне қарсы шара ретінде жасалмақ.

Бүгін парламентте сөйлеген Меркель келесі аптада өтетін Еуроодақтың саммитінде Германия мен Францияның Еуроодақтың құлауының алдын алу үшін одақтың бірқатар келісімдеріне өзгерістер енгізуді ұсынатынын айтты.

Кеше Франция президенті Николя Саркози еурокеңістіктегі мемлекетер келесі аптада Еуроодақ пен еуроны сақтап қалу үшін шешуші қадам жасау керек деді.
Келесі аптада өтетін саммит еуроны Грекия мен Италия және басқа да елдердегі несие дағдарысының соққысынан сақтап қалуға соңғы мүмкіндік береді.
XS
SM
MD
LG