Accessibility links

Ұлыбританияда БТА банк пен Әблязов дауының жаңа кезеңі басталды


Мұхтар Әблязов, қуғынға ұшыраған бизнесмен
Мұхтар Әблязов, қуғынға ұшыраған бизнесмен

БТА өкілдері Ұлыбритания сотына 12 миллиард АҚШ долларын дефолт етіп жариялаған бұрынғы банк төрағасы сот үкімін тыңдамай өз активтерін жасыру үшін жалған құжаттар жасады деген жаңа шағым түсіріп, тағы бір сот тыңдауы басталған.


Қарашаның 30-ы күні ұлыбританиялық Guardian («Гардиан») басылымы жариялаған мақалада Әблязов басқарып тұрған кезде БТА банкінің Ұлыбританиядағы Barclays («Барклейз») және RBS банктерінен 500 миллион АҚШ доллары көлемінде несие алғанын еске салады.

Қазақстаннан сыртқа кетуге мәжбүр болған Мұхтар Әблязовқа Ұлыбритания саяси баспана берген еді.

БТА банкінің соттағы өкілі қуғынға ұшыраған бизнесменді «ол активтерін уақытша құрсаулау туралы ұлыбританиялық соттың 2009 жылғы үкімін тыңдамады және активтерін басқаның атына өткізу үшін жалған құжаттар жасады» деп айыптайды. БТА банкі Мұхтар Әблязовқа түрме жазасын кесуді сұрап отырғанын жазады шетелдік басылым.

Екі аптаға созылатын жаңа сот тыңдауы басталған сәтте-ақ қазақстандық арызданушы банктің өкілі Мұхтар Әблязовқа ұлыбританиялық Вирджиния аралдарында тіркелген бизнес иеліктерін жасырды деген айып тақты. Шағым түсіруші тарап Әблязовты айы-күні кейін жазылған құжаттарды қолдан жасап, активтерінің иесі ретінде Қайрат Садықов есімді жәрдемшісін рәсімдеді деп айыптайды.
БТА банкінің соттағы өкілі қуғынға ұшыраған бизнесменді «2009 жылғы ұлыбританиялық соттың оның активтерін уақытша құрсаулау туралы үкімін тыңдамады және активтерін басқаның атына өткізу үшін жалған құжаттар жасады» деп айыптайды.

БТА-ның адвокаты Стефэн Смит Садықовқа қатысты әрекетті нағыз көзбояшылыққа теңеп, британ сотының шешімін өрескел түрде бұзу деп мәлімдеген.

Банк сонымен қатар Мұхтар Әблязов Ұлыбританиядағы төрт үлкен үй-жайының меншік иесіне қатысты да ақпаратты ашып көрсетпеді деп шағымданады. Айыптаушылар БТА банкінің бұрынғы төрағасы құны ондаған миллион фунт-стерлинг деп бағаланатын төрт зәулім сарайға ие, одан бөлек Stantis деп аталатын компания арқылы 80 миллион АҚШ долларына тең қаржысын және жасырып қалды деген «айғақтар» келтіреді.

Сот үкімін елемеуге қатысты бұл жолғы жаңа тыңдау - БТА банкінің бұрынғы төрағасына қарсы бірнеше жыл бойы жүргізіп жатқан айыптау кампаниясының бір көрінісі. Әблязовқа 5 миллиард АҚШ долларына жуық банк қаржысын талан-тараж етті деген айып тағылған. Guardian басылымының жазуынша, Әблязов өзіне тағылған «сот үкімін бұзды, жалған куәлік берді» деген айыптарды жоққа шығарады. Бұрынғы төраға бұл айыптар нақты айғаққа сүйенбеген, тек долбар мен болжам ғана деп санайды. Ол сонымен қатар банк капиталын талан-тараж қылды деген айыпты да жоққа шығарып, мұның бәрі саяси себептерден туындап жатыр деп дәлелдейді.
Биылғы қараша айының басында арызданушы БТА банкі Әблязовтың активтерін жасырғаны үшін және сот үкімін сыйламағаны үшін оның тағы бір жәрдемшісі Пол Китреотисті 21 айға түрмеге жапқызған.

Мұхтар Әблязов Қазақстанда саяси қуғындауға ұшырағанын және соның кесірінен Қазақстанға күшпен қайтарылуы мүмкін екендігін айтып жүріп, маусым айында Ұлыбританиядан саяси баспана алған еді деп жазады Guardian журналисі.

Ал банктегі капиталдың талан-тараж болуына қатысты қозғалған қылмыстық іс барысында Мұхтар Әблязов 5 миллиард АҚШ долларына тең активтерін KPMG халықаралық аудиторлық компаниясының қарауына өткізіп беруге мәжбүр болған. 2010 жылдың желтоқсан айында Лондонның жоғарғы соты уақытша құрсауланған активтерді таратып жібермеуі үшін бұрынғы банкирге енімсіздік танытқан еді.

Биыл қараша айының басында арызданушы БТА банкі Әблязовтың активтерін жасырғаны үшін және сот үкімін сыйламағаны үшін оның тағы бір жәрдемшісі Пол Китреотисті 21 айға түрмеге жаптырған. Биыл маусымда Әблязовтың балдызы Сырым Шалабаев сот үкімін сыйламағаны үшін және сот істеріне жәрдем бермегені үшін сырттай 18 айға сотталды.

Дәл қазір Шалабаевтың тұрағы белгісіз. Бірақ ол жасырынып жатқан жерінен видеобайланыс арқылы хабарласып, қайта басталған сот тыңдауларына куәлік беретін болуы керек деп болжайды ұлыбританиялық басылым.
XS
SM
MD
LG