Accessibility links

Лондоннан қуылған Иран дипломаттары Тегеранға келді


Лондондағы Иран елшілігі жанында тұрған полиция қызметкері. 2 желтоқсан 2011 жыл.

Лондондағы Иран елшілігі жанында тұрған полиция қызметкері. 2 желтоқсан 2011 жыл.

Тегерандағы Ұлыбритания елшілігіне жасалған шабуылдан кейін Лондоннан қуылған Иран дипломаттары үйлеріне оралды.

Ресми ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мехрабад әуежайында дипломаттарды шамамен 150 адам қарсы алған.

Осы аптада Ұлыбританияның Ирандағы елшілігіне наразылық танытушылар шабуылдаған соң Ұлыбритания сыртқы істер министрі Уилльям Хейг 48 сағат ішінде Иран дипломаттарының елден шығуын талап етті. Лондон Тегерандағы елшілігін де жапты.
XS
SM
MD
LG