Accessibility links

БҰҰ Сириядағы адам құқықтарының бұзылуын айыптады


БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңсесінің Сириядағы жағдайға қатысты отырысы, Женева, 2 желтоқсан 2011 жыл.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңсесінің Сириядағы жағдайға қатысты отырысы, Женева, 2 желтоқсан 2011 жыл.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесі Сирияның наразылық танытушыларды басып жаншуын айыптаған соң Дамаск одан сайын оқшауланды деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.

Оның айтуынша, кеңестің Башар әл-Асад режимінің заңбұзушылықтарын әшкерелейтін әрекеттері мен адам құқықтарын бұзғандарды жауапкершілікке тарту талпыныстарын АҚШ қолдайды.

Женевада БҰҰ-ның адам құқықтары кеңесіндегілердің басым бөлігі Сириядағы жағдайды айыптайтын қарарды қолдап дауыс берді. Ресей мен Қытай бұған қарсы болды.

БҰҰ адам құқықтары жөніндегі кеңесінің бас комиссары Нави Пиллэй Сириядағы билікке қарсы наразылықтарда қаза тапқандардың саны 4 мыңнан асып кеткенін хабарлады. Ол сондай-ақ Сириядағы жағдайды "азаматтық соғыс" деңгейіне жетті деп бағалады.
XS
SM
MD
LG