Accessibility links

Сербия мен Косово шекараға қатысты ынтымақтаспақ


Митровица қаласындағы көпір жанында тұрған этникалық сербтер.30 қараша 2011 жыл.

Митровица қаласындағы көпір жанында тұрған этникалық сербтер.30 қараша 2011 жыл.

Сербия шекаралық бақылау мәселесіне қатысты Косовомен ынтымақтасуға келісті. Еуропа Одағының мәлімдемесінде «тараптар барлық ортақ шекаралық аумақтарында біртіндеп бірлескен, бірыңғай және қауіпсіз бекеттерді орнатады» делінген.

Еуропа Одағының арағайындығымен Брюссельде өткен келіссөздер барысында Сербия мен Косово делегациялары осындай келісім жасады. Оның алдында Германия канцлері Ангела Меркель Сербия Еуропа Одағына мүше болуға әлі дайын емес деп мәлімдеген болатын.

Соңғы апталарда Сербия шекарасы жанында НАТО күштері мен Косово солтүстігіндегі этникалық сербтер арасында толқулар болды. Хабарларға қарағанда, осы аптадағы қақтығыстарда Германия мен Австрияның 30 сарбазы жараланған.
XS
SM
MD
LG