Accessibility links

Бисенғұл Бегдесіновке Түркіменстаннан шығуға тыйым салынды


Түркіменстандағы қазақ белсендісі Бисенғұл Бегдесінов.

Түркіменстандағы қазақ белсендісі Бисенғұл Бегдесінов.

Түркіменстанда тұратын қазақ белсендісі Бисенғұл Бегдесінов бүгін Азаттық радиосына өзіне Түркіменстаннан шет елге шығуға тыйым салынғанын хабарлады.

Бисенғұл Бегдесіновтің айтуынша, ол 2 желтоқсанда Ашғабат әуежайынан Алматыға ұшпақ болған. Бірақ оны шекаралық тексеру бекетінен өткізбей қойған. Себебі Түркіменстанның бас прокуратурасы Бисенғұл Бегдесіновке сыртқа шығуға тыйым салған.

Сот үкімі бойынша оған құқық қорғау органдарының рұқсатынсыз тұрақты мекен-жайын өзгертуге болмайды. Бірақ сот үкімі мен Түркіменстанның заңнамалары бойынша, шартты түрде бас бостандығынан айырылғандарға уақытша елден шығуға шектеу қойылмайды.

Бисенғұл Бегдесінов өзіне салынған тыйым «сот үкімін бұзды» деген айыппен ақша өндіріп алу үшін салынып отыр деп санайды.

Бисенғұл Бегдесінов Түркіменстандағы қазақтарға мемлекетке заңды түрде үйін өткізбей-ақ Қазақстанға көшіп кетуіне көмектесіп жүрген болатын. Кейін осыған қатысты түркімен билігі оны қудалады.
XS
SM
MD
LG