Accessibility links

Иран АҚШ-тың барлау ұшағын атып түсіргенін хабарлады


АҚШ-тың Баграм базасынан ұшып шыққан Француз армиясының Harfang ұшағы. 26 желтоқсан 2010 жыл.

АҚШ-тың Баграм базасынан ұшып шыққан Француз армиясының Harfang ұшағы. 26 желтоқсан 2010 жыл.

Иран ақпарат құралдары елдің шығысында АҚШ-тың барлау жасап жүрген ұшқышсыз ұшу аппараты атып түсірілгенін хабарлады.

Хабарларға қарағанда, аппарат Иран аумағына шығыс жағынан "шекараны бұзып кірген". Ауғанстандағы НАТО әскери күштері "аппарат АҚШ-тікі болуы мүмкін" екенін айтады. Себебі өткен аптада Ауғанстанда ұшып жүрген кезінде онымен байланыс үзіліп қалған.

МАГАТЭ "Иран ядролық қару жасауды одан ары жалғастырып жатыр" деп мәлімдеген соң АҚШ, Ұлыбритания және бірқатар елдер Иранға қарсы санкциялар салған болатын.

Иран ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатты көздейтінін айтып келеді.
XS
SM
MD
LG