Accessibility links

Алматы қалалық ІІД: "Боралдай кентінде атыс болған үйден бірнеше қару табылды"


ҰҚК Алматы қалалық департаментінің ғимараты. Фото ҰҚК сайтынан алынды.

ҰҚК Алматы қалалық департаментінің ғимараты. Фото ҰҚК сайтынан алынды.

Алматы облысы Іле ауданының Боралдай кентінде 3 желтоқсанда қаза тапқан қылмыскерлердің ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деп хабарлайды Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Департаменттің баспасөз қызметі сондай-ақ қылмыскерлер жасырынған үйден екі РГД-5 гранатасы, екі Калашников автоматы мен екі Макаров пистолеті табылғанын айтты.

3 желтоқсанда Алматының маңындағы Боралдай кентінде қарулы қақтығыс болып, одан қылмыстық топтың бес мүшесі мен ҰҚК-нің "Арыстан" арнайы жасағының екі қызметкері қаза тапқан еді.

Бас прокуратура топ мүшелері қарашаның 8-інде Алматыда екі полиция қызметкерін өлтірген және тағы да қастандық әрекеттерін жүзеге асыруды көздегенін мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG