Accessibility links

Өзбекстан сотталғандарға рақымшылық жасамақ


Өзбекстан парламенті бүгін ел конституциясының қабылданғанына 19 жыл толуына орай рақымшылық заңын бекітті.

Рақымшылыққа 60 жастан асқан әйел және ер сотталушылар, кәмелеттік жасқа толмағандар және шетелдіктер ілініп отыр. Ал терроризм мен қылмыстың ауыр түрімен сотталғандарға рақымшылық жасалынбайды.

Парламент сенатының заңнамалар және қылмыстық мәселелер бойынша комитетінің төрайымы Светлана Артыкова рақымшылықтың сотталғандарға «адамгершілік тұрғыда» беріліп отырғанын айтады.

Өзбекстанда 8 желтоқсанда конституцияның қабылданғанына 19 жыл толады. Рақымшылық заңына енді тек президент қол қоюы тиіс.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG