Accessibility links

Ислам Каримовтың өкілеттік мерзімі қысқаруы мүмкін


Өзбекстан президенті Ислам Каримов.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов.

Өзбекстан парламенті 73 жастағы президент Ислам Каримовтың өкілеттік мерзімін жеті жылдың орнына бес жылға қысқартатын заң жобасын қабылдады.

2002 жылы қаңтарда өткен референдумда президенттің өкілеттік мерзімі жеті жылға белгіленген болатын. Содан бері Ислам Каримов 2007 жылы бір рет президент болып сайланды.

Өкілеттік мерзімін бес жыл мерзімге өзгертуді өзі сұраған Ислам Каримов өзгерісті президенттікке тағы екі рет сайлану үшін жасап отыр деген күдік бар. Өзбекстан Конституциясы бойынша, президент екі мерзімнен артық билікте отыра алмайды. Ал Ислам Каримов қазірге дейін үш рет президент болып сайланып, екі рет референдум арқылы өкілеттік мерзімін ұзартып алды.

Заңға енді Ислам Каримовтың өзі қол қоюы тиіс.
XS
SM
MD
LG