Accessibility links

Standard and Poor's Еуроодақ елдерінің несие рейтингісін төмендетеді


Standard and Poor's агенттігінің Нью-Йорктегі кеңсесі. Нью-Йорк, 6 тамыз 2011 жыл.

Standard and Poor's агенттігінің Нью-Йорктегі кеңсесі. Нью-Йорк, 6 тамыз 2011 жыл.

Standard and Poor's рейтинг агенттігі еуро аумағына кіретін 15 мемлекеттің рейтингін төмендететінін мәлімдеді. Агенттік мұны соңғы апталарда еуро аймақта болған "жүйелі ауытқуларға" қарап жасаған.

Несие рейтингі ең жоғары ААА деңгейінде тұрған Германия мен Люксембургтің рейтингтері де қайта қаралатын болады. Ал несие рейтингтері әлдеқашан төмендеп кеткен Грекия мен Кипр 15 елдің қатарына кірмейді.

Сарапшылар Standard and Poor's агенттігінің мәлімдемесі "Еуроодақ жетекшілерін осы аптаның соңында өтетін саммитте еурокеңістіктегі несие дағдарысын реттеуге мәжбүрлеу үшін жасап отыр" деп санайды.
XS
SM
MD
LG