Accessibility links

Сирияда ұрланған 34 шерушінің мәйіттері табылды


Хомс қаласындағы билікке қарсы өтіп жатқан шеру. Сирия, Хомс, 28 қараша 2011 жыл.
Хомс қаласындағы билікке қарсы өтіп жатқан шеру. Сирия, Хомс, 28 қараша 2011 жыл.
Сириядағы адам құқын қорғаушылар полиция ұрлап әкеткен 34 сириялықтың сүйектері Хомс қаласының орталығынан табылғанын хабарлады.

Лондонда орналасқан Сирия адам құқықтарын қорғау ұйымының айтуынша, елдің әр аймағынан режимге қарсы шыққан бірнеше азаматтың денелері Хомстың орталығынан табылған. Ұйым бүгін де президент Башар әл-Асадқа бағынышты күштер Хомста тағы 7 адамды өлтіргенін хабарлады.

Ал оңтүстіктегі Дараа провинциясында бүлікшіл жауынгерлер қауіпсіздік күштерінің төрт адамын өлтірген. Сирия сыртқы істер министрі араб лигасының елге бақылаушыларды кіргізу талабын орындайтындарын айтты.

Араб лигасы өткен айда Сирияға тоғыз айға созылған толқуларды тоқтату жоспарын ұсынып, Сирия одан бас тартқан.
XS
SM
MD
LG