Accessibility links

Долинка түрмесінде сотталған екі азамат өз денелерін жарақаттады


Қарағанды облысы Долинка елді мекеніндегі АК 159/6 тәртіппен түзеу мекемесі. 21 мамыр 2010 жыл.

Қарағанды облысы Долинка елді мекеніндегі АК 159/6 тәртіппен түзеу мекемесі. 21 мамыр 2010 жыл.

Қарағанды облысы Долинка кентіндегі АК 159/7 қатаң режимдегі түзету мекемесінде сотталған екі азамат қарындарын шегемен тілгілеп тастады деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің облыстық департаментіне сілтеме жасап.

"Кеше кешкі сағат 11-де сотталған екі азамат кіндіктерін шегемен тілгілеп тастады. Олар өздеріне ұялы телефон қолдануға, мекеме аумағында еркін жүріп-тұруға рұқсат беруді және туыстары мен таныстарымен кездесуге шектеу қоймауды талап еткен" дейді департаменттің тәрбие жұмыстары бөлімінің бастығы Манарбек Бекшин.

Оның айтуынша, тұтқындардың жарақаты денсаулықтарына қауіп төндіріп тұрған жоқ. Тұтқындарға колония ішіндегі медициналық бөлімде көмек көрсетілген.

Тұтқындардың бірі - 23 жылға, екіншісі - 24 жылға сотталған азаматтар. Қазір тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
XS
SM
MD
LG