Accessibility links

Ауғанстанда шииттердің діни мейрамы кезінде жарылыстар болды


Кабулдың орталығындағы ғибадатханада болған жарылыстан кейінгі жағдай. Ауғанстан, Кабул, 6 желтоқсан 2011 жыл.

Кабулдың орталығындағы ғибадатханада болған жарылыстан кейінгі жағдай. Ауғанстан, Кабул, 6 желтоқсан 2011 жыл.

Ауғанстан полициясы Кабулдың ортасындағы шииттік ғибадатханада жанкештінің өзін-өзі жарып жібергенін хабарлады. Жарылыстан 30 адам қаза тауып, 50 ден астам адам жараланған.

Кабулдың қылмыстық тергеу департаментінің бастығы Мохаммед Захир жарылыс ғибадатханаға жүздеген адам шииттердің діни мейрамын атап өтуге жиналған кезде болғанын айтады.

Сонымен қатар елдің солтүстігіндегі Мазар-и-Шариф қаласындағы мешітте де жанкешті жарылыс жасап, төрт адам қаза болған. Жарылыстарды әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Діни негіздегі шиеленістер Ауғанстанда ара-тұра болып тұрады. Бірақ соңғы жылдар көлемінде мұндай үлкен шабуыл болмаған.

Шииттер бүгін Мұхаммед пайғамбардың немересі Хусейннің 680 жылы Кербала шөліндегі шайқаста қайтыс болған күні - ашура мейрамын атап өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG