Accessibility links

Сыртқы істер министрі Хиллари Клинтонмен кездесті


Қазақстан сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов.

Қазақстан сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов.

Қазақстан сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен кездесті деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметіне сілтеген «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі.

Кездесуде тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің келешегі мен қазіргі жай-күйін, оның ішінде қауіпсіздік пен аймақтағы тұрақтылықты нығайту мәселелерін талқылады. Хиллари Клинтон Қазақстанның Ауғанстандағы халықаралық коалициялық күштерге көрсетіп отырған көмегін, 1 мың ауғандық азаматты қазақстанда оқыту бағдарламасын, «Ақтау теңіз порты» еркін экономикалық аймақта транспорттық-логистикалық орталық құру ұсынысын қолдайтынын жеткізді.

Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1991 жылдың желтоқсанында орнаған болатын.

Бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Вильнюстегі жиынында былай деп мәлімдеді:

«АҚШ Орталық Азия елдері үкіметтерімен Ауғанстан, сауда, энергетика және тағы басқа мәселелерге қатысты ынтымақтасуды көздейді, бірақ бұған қарамастан, біз Орта Азиялық әріптестерімізді, үкіметтер мен азаматтық қоғамды, демократиялық реформаларды жүзеге асырып, адам құқықтарын құрметтеуге шақырамыз».
XS
SM
MD
LG