Accessibility links

Ресей Жерорта теңізіне эскадра аттандырды


Венесуэланың Ла-Гуайра портында тұрған Ресейдің атом қаруын тиеген "Петр Великий" крейсері. Венесуэла, 25 қараша 2008 жыл.

Венесуэланың Ла-Гуайра портында тұрған Ресейдің атом қаруын тиеген "Петр Великий" крейсері. Венесуэла, 25 қараша 2008 жыл.

Ресей ақпарат агенттіктері Ресейдің Жерорта теңізіне теңіз күштері флотын аттандырғанын хабарлады.

Ресей қорғаныс министрлігінің аты-жөнін айтпаған шенеуніктері "құрамында ауыр ұшақтар тиеген "Адмирал Кузнецов" крейсері бар эскадра Сирияның Тартус портындағы Ресей базасына орналасатынын" айтқан. Олардың айтуынша, эскадраны аттандыру бұдан бұрын жоспарланған және оның Сириядағы шиеленістерге еш қатысы жоқ.

Мәскеу Батыс елдерінің шерушілерді басып-жаныштаған Сирияға қарсы санкция енгізгендерін қолдамайды.
XS
SM
MD
LG