Accessibility links

Беларусьте екі қоғамдық белсенді тұтқындалды


"Говори правду" ұйымының белсенділері Беларусь министрлер кеңесіне студенттердің хатын тапсырды. Беларусь, Минск, 17 қараша 2011 жыл.

"Говори правду" ұйымының белсенділері Беларусь министрлер кеңесіне студенттердің хатын тапсырды. Беларусь, Минск, 17 қараша 2011 жыл.

Минскіде Беларусь ұлттық большевиктік партиясының екі белсендісі тұтқындалды деп хабарлайды Азаттық радиосының Беларусь қызметі.

Партияның ұйымдастыру комитетінің мүшелері Евгений Контуш пен Владислав Лобауды 6 желтоқсанда Минскінің Первомайск ауданының полицейлері тұтқындап, оларға бұзақылық жасады деген айып таққан.

Контуш пен Лобау 3 желтоқсанда Минскідегі Беларусь телерадио компаниясы кеңсесінің алдына бір шелек макарон төгіп, телекомпания журналистерін "Беларусь қоғамына ақпаратты боямасыз, өз уақытында жеткізуге" шақырған үнпарақтар үлестіріп кеткен.

Беларусь большевиктік партиясының мүшесі Дмитрий Синяк белсенділердің тек мемлекеттік ақпарат құралдарының шынайы жағдайын көрсеткісі келгендерін айтады. "Олар тек біржақты, бұрмаланған ақпараттарды ғана таратады. Постсоветтік мемлекеттерде ұзын макарон - өтіріктің, жалған сөйлеудің белгісі" дейді ол.

Ұлттық большевиктік партия осыған дейін әділет министрлігіне тіркелуге бес рет өтініш берген, бірақ министрлік өтініштерін кері қайтарған.

Владислав Лобау 18 жасқа толмағандықтан тергеуден босатылуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG