Accessibility links

Парламент рақымшылық туралы заң жобасын қабылдады


Қазақстан парламенті сенатының ғимараты. Астана, 27 қазан 2011 жыл.

Қазақстан парламенті сенатының ғимараты. Астана, 27 қазан 2011 жыл.

Сенат бүгін пленарлық отырысында "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жиырма жылдығына орай рақымшылық жасау туралы" заң жобасын қабылдады деп хабарлайды "Интерфакс Қазақстан" агенттігі.

Заң жобасы бойынша жеңіл және аса ауыр емес қылмыстары үшін сотталған әлеуметтік тұрғыда нашар қорғалған азаматтарға рақым жасалмақ. Олардың қатарына кәмелеттік жасқа толмағандар, аяғы ауыр және кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар әйелдер, зейнеткерлер мен мүгедектер, басқа да сотталушылар кіреді.

Бұдан басқа да қылмыстар бойынша жазасын өтеп жатқан кейбір тұтқындардың қалған жаза мерзімдері де қысқаруы мүмкін.

«Заң жобасы бойынша 16187 адамға рақымшылық жасалады. Оның ішінде 2142 адам түрмеден босап шықса, 534 адамның жаза мерзімдері қысқарады» дейді әділет министрі Рашид Түсіпбеков сенат отырысында.


Заң жобасына енді президент қол қоюы тиіс.

XS
SM
MD
LG