Accessibility links

АҚШ Иранға арналған онлайн "елшілік" ашты


АҚШ-тың Ауғанстандағы елшілігінің белгісі. Ауғанстан, Кабул, 1 қаңтар 2011 жыл.

АҚШ-тың Ауғанстандағы елшілігінің белгісі. Ауғанстан, Кабул, 1 қаңтар 2011 жыл.

АҚШ Тегеранмен дипломатиялық байланысын үзгеннен бері 32 жыл өткен соң Иран азаматтарымен қарым-қатынас орнату үшін онлайн режиміндегі "елшілігін" ашты.

Ағылшын және парсы тілдеріндегі веб-сайт түріндегі "елшілік" сейсенбі күні ашылды. АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон веб-сайт америкалықтар мен ирандықтардың 1979 жылы Тегерандағы АҚШ елшілігі жабылғаннан бері үзіліп қалған байланысты қалпына келтіру үшін жасалып отырғанын айтты.

Иранда исламшыл жауынгерлер мен студенттер АҚШ-тың 52 азаматын 1979 жылы қарашадан бастап 1981 жылдың қаңтарына дейін 444 күн бойы кепілде ұстаған еді. Осы оқиғадан соң екі ел қарым-қатынасын үзген.
XS
SM
MD
LG