Accessibility links

Ресейде шерушілерді әлі тұтқындап жатыр


Сайлау барысына қарсы шеруге қатысқан "Яблоко" партиясының жетекшісі Сергей Митрохинді полиция тұтқындап жатыр. Мәскеу, 6 желтоқсан 2011 жыл.

Сайлау барысына қарсы шеруге қатысқан "Яблоко" партиясының жетекшісі Сергей Митрохинді полиция тұтқындап жатыр. Мәскеу, 6 желтоқсан 2011 жыл.

Мәскеуде парламент сайлауындағы бұрмалаушылықтарға тағы да наразылық танытпақ болған ондаған шеруші тұтқындалды. Триумф алаңына жиналған наразылық танытушылар полицияның көптігіне қарамастан Владимир Путинге қарсы ұрандар айты.

Полицияның хабарлауынша, наразылық танытқан 250-ге тарта адам тұтқындалған. Олардың қатарында оппозиция жетекшісі және бұрынғы министр Борис Немцов та бар.

Осылармен бір мезетте Кремль маңына билікті қолдаған шерушілер де жиналып, «Путин! Ресей!» деп ұрандаған. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Санкт-Петербургте де сайлауға наразылық білдіргендер жиналып, олардың 50-ге жуығы тұтқындалған.
XS
SM
MD
LG