Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев «Хазірет Сұлтан» мешітінің құрылысымен танысты


Астанадағы "Нұр Астана" мешіті. (Көрнекі сурет)

Астанадағы "Нұр Астана" мешіті. (Көрнекі сурет)

«Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада салынып жатқан «Хазірет Сұлтан» мешітінің құрылыс барысымен танысты» деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Жалпы аумағы 17,7 мың шаршы шақырымды құрайтын мешіт қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. «Үлкен залына бес мың адам сиятын Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт азаматтардың қайырымдылығы есебінен тұрғызылып жатыр» дейді баспасөз қызметі.

Қазақстан президенті 2009 жылы маусымның 30-ында бұл мешіттің іргетасын құю рәсіміне келген.

«Хазірет Сұлтан» мешіті 2012 жылы ашылуы керек.
XS
SM
MD
LG