Accessibility links

Ауғанстанда жарылыстан 19 адам қаза болды


Кабулда шииттердің діни мейрамдарын атап өтіп жатқанда болған жарылыстан кейінгі сәт. Ауғанстан, Кабул, 6 желтоқсан 2011 жыл.
Кабулда шииттердің діни мейрамдарын атап өтіп жатқанда болған жарылыстан кейінгі сәт. Ауғанстан, Кабул, 6 желтоқсан 2011 жыл.
Бүгін Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясында жол жиегіне жасырылған бомба жарылып, 19 адам қаза болғаны хабарланды.

Гильменд провинциясының қауіпсіздік күштерінің басшысы Мохаммед Исмаил қаза тапқандардың арасында жеті әйел мен бес бала барын айтты. Тағы бес адам жараланған.

Гильменд провинциясы Ауғанстандағы ең тұрақсыз аймақтардың бірі. Шет елдік және ауған үкіметінің күштері аймақты содырлардан тазарту үшін мұнда көп күш шоғарландырған. Бірақ аймақты содырлардан толықтай тазарту мүмкін болмай отыр.

Кеше Кабул мен Мазар-и-Шариф қалаларында шииттер діни мейрамдары - ашураны атап өтіп жатқан кезде екі жарылыс болып, 59 адам қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG