Accessibility links

Ресейдегі шерулер үшінші күнге жалғасты


Мәскеудің Триумф алаңында полиция рұқсат етілмеген шеруге қатысушыны ұстап әкетіп барады. Ресей, Мәскеу, 7 желтоқсан 2011 жыл.

Мәскеудің Триумф алаңында полиция рұқсат етілмеген шеруге қатысушыны ұстап әкетіп барады. Ресей, Мәскеу, 7 желтоқсан 2011 жыл.

Ресейде сайлауға наразылық танытушылардың шеруі осымен үшінші күнге жалғасты. Кеше түнде Мәскеуде болған шеруге қатысушылар алғашқы екі күнмен салыстырғанда аз болды.

Бірақ 10 желтоқсан, алдағы сенбі күні бүкілхалықтық шеруге шығуға әлеуметтік желілер арқылы тілек білдіргендердің саны кешегі 25 мың адамға жетті. Билік сенбіге жоспарланған бүкілхалықтық шеруге тыйым салып, қатысушылар саны 300 адамнан аспауы керек деген талап айтты.

4 желтоқсанда өткен Ресей парламентіне сайлауда Владимир Путиннің "Единая Россия" партиясы сайлаушылар даусының жартысына жуығына ие болып, жеңіске жеткен еді. Бірақ оппозиция мен бақылаушылар "сайлау әділетсіз өтті, нәтижелері бұрмаланды" деп санайды.

Дүйсенбіден бері өтіп жатқан шеру барысында Мәскеу мен Санкт-Петербургте 800-ге жуық адам тұтқындалды.
XS
SM
MD
LG