Accessibility links

СССР-дың ыдырағанына 20 жыл толды


Борис Ельцин, Станислав Шушкевич және Леонид Кравчук Беловеж орманында СССР-ды таратқан келісімге қол қойды. Беларусь, Беловеж орманы, 8 желтоқсан 1991 жыл.
Борис Ельцин, Станислав Шушкевич және Леонид Кравчук Беловеж орманында СССР-ды таратқан келісімге қол қойды. Беларусь, Беловеж орманы, 8 желтоқсан 1991 жыл.
Бүгін СССР-дың ресми түрде ыдырағанына 20 жыл толды.

1991 жылдың 8 желтоқсанында Ресей, Украина және Беларусь басшылары (Борис Ельцин, Леонид Кравчук және Станислав Шушкевич) Беларусьтегі Беловеж орманында кездесіп, СССР-дың "халықаралық құқықтық субъекті және геосаяси күш ретінде "өмір сүруін тоқтатқанын" мәлімдеді.

Үш республика президенттері Беловеж келісіміне қол қойып, одақтың ерікті мұрагері Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымын құруға жол салды. Осымен бірге қырғи-қабақ соғыс та аяқталды.

1990 жылдың наурызынан 1991 жылдың соңына дейін одақтас 15 республиканың барлығы тәуелсіздіктерін жариялады.

СССР-дың ыдырауынан соң коммунистік партия билік құрған мемлекетте саяси және экономикалық либерализация жедел жүреді деген үміт болған. Бірақ постсоветтік кеңістікте тек коммунистік жүйе ғана күйреді. 2005 жылы Ресейдің сол кездегі президенті Владимир Путин СССР-дың күйреуін 20 ғасырдағы "ең үлкен геосаяси апат" деп бағалады.
XS
SM
MD
LG