Accessibility links

Мексика Каддафидің ұлының елге астыртын кірмек болғанын хабарлады


Ливияның бұрынғы президенті Муаммар Каддафи.

Ливияның бұрынғы президенті Муаммар Каддафи.

Мексика билігі Муаммар Каддафидің ұлы мен оның отбасының жалған құжаттар арқылы елге астыртын кірмек болған жоспардың алдын алғанын хабарлады.

Елдің ішкі қауіпсіздік жөніндегі хатшы Алехандро Пуаре Муаммар Каддафидің ұлы әл-Саади Каддафиді Мексикаға астыртын кіргізу жоспарына қатысы бар деген күдікпен екі мексикалық, бір Канада және Дания азаматы ұсталғанын айтады.

Бұл жоспар қыркүйектің басында, әл-Саади әкесінің билігі құлағаннан кейін Ливиядан қашқаннан соң ұзамай ашылған. Ол Мексикаға келмеген. Қазір Нигерде тұрып жатыр.

Оның Мексикаға кіруіне көмектеспек болғандар осы елге келіп банкте есеп-шоттар ашып, әл-Саадидің Мексикадағы қауіпсіздігі үшін елдің бірнеше жерінен үй-жай сатып алады.

Алехандро Пуаре астыртын жоспарға канадалық әйел жетекшілік еткен дейді.
XS
SM
MD
LG