Accessibility links

Мұхтар Жәкішев сот тыңдауларының ашық болуын талап етті


14 жылға сотталған "Қазатомпромның" бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің әйелі Жәмила Жәкішева.

14 жылға сотталған "Қазатомпромның" бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің әйелі Жәмила Жәкішева.

Апелляциялық сот Мұхтар Жәкішевке қатысты «Қазатомпром» компаниясының азаматық шағымы бойынша Сарыарқа аудандық сотының шешімін өз күшінде қалдырды деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Астана қалалық сотында 6 желтоқсанда компанияның Мұхтар Жәкішев пен оның оққағары Талғат Қыстаубаевтан материалдық шығын өндіріп алу туралы берген шағымы бойынша сот отырысы өткен. «Сот жабық түрде, сырттай, қорғаушылардың қатысуынсыз құпия болды» деді Мұхтар Жәкішевтің әйелі Жәмила Жәкішева.

Мұхтар Жәкішевтің қорғаушысы Нұрлан Бейсекеев өзіне қатысты сот процестерінің ашық болуын талап еткен өтініш бергенін айтты. "Сот қазір оның өтінішін қарап жатыр. Бүгін сот тыңдаулары қашан басталатынын айтуы тиіс" деді қорғаушы.

12 наурызда Астананың №2 Сарыарқа аудандық соты Мұхтар Жәкішевті қаржыны ысырап қылды және пара алды деп айыптап 14 жыл катаң режимді колонияда жазасын өтеуге үкім шығарған болатын. Жәкішев 2009 жылғы 21 мамырда қызметтен босатылып, 24 мамырда тұтқындалды.
XS
SM
MD
LG