Accessibility links

Сәбетқазы Ақатайдың еңбектері жеті том болып басылып шықты


Бүгін саясаткер, қоғам қайраткері Сәбетқазы Ақатайдың жеті томдық еңбектері жинағының тұсаукесері болды. Жеті томдық еңбектерінің жинағына көптеген тарихи, философиялық және әдеби еңбектер кіреді. Тұсаукесерге мәдениеттанушы Мұрат Әуезов және басқа танымал адамдар қатысты.

Сәбетқазы Ақатай – философ, тарихшы, әдебиетші және саясаткер. Ол Қазақстан тәуелсіздік алған тұста қоғамдық-саяси қызметтерге белсене араласты. 1990 жылдардың басында «Алаш» партиясын құрды. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алған кезде Конституциялық заі жобасының балама нұсқасын жасады.

Сәбетқазы Ақатай еңбектерінің жинағы тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай шығып отыр.
XS
SM
MD
LG