Accessibility links

Нұржан Өркешбаевтың операциясы сәтті өтті


Нұржан Өркешбаев. Алматы, 8 желтоқсан 2011 жыл.
Нұржан Өркешбаев. Алматы, 8 желтоқсан 2011 жыл.
Атыраулық 20 жастағы жігіт, ерте қартаю ауруына ұшыраған Нұржан Өркешбаевқа жасалған операция сәтті өтті деп хабарлады Азаттық радиосының тілшісіне Алматыдағы «Ниссамед» пластикалық хирургия клиникасының бас директоры Гауһар Жансейітова.

«Операция 5 сағатқа созылды. Сәтті, жоспарлағанымыздай өтті. Нұржанның денсаулығы бірқалыпты, қазір реанимация бөлімінде жатыр» деді Гауһар Жансейітова.

Нұржан Өркешбаевқа бет терісін қалпына келтіру үшін тегін операция жасалып жатқанын бұдан бұрын хабарлағанбыз.
XS
SM
MD
LG