Accessibility links

НАТО мен Ресей қорғаныс мәселесінде келісімге келе алмады


Астрахань облысының Ашулық полигонындағы Ресейдің S-300 әуе шабуылынан қорғаныс жүйесі. Ресей, Астрахань, 3 қыркүйек 2008 жыл.
Астрахань облысының Ашулық полигонындағы Ресейдің S-300 әуе шабуылынан қорғаныс жүйесі. Ресей, Астрахань, 3 қыркүйек 2008 жыл.
НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Ресейдің альянстың Еуропада зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін орнату жоспарына алаңдаушылығын ескеретінін мәлімдеді. Бұл жайында ол бүгін Брюссельде Ресей қорғаныс министрі Сергей Лавровпен кездесуінде айтты.

Расмуссен: «Зымыраннан қорғану турасында келісімге келген жоқпыз. Бірақ соған тырысып жатырмыз. Егер бұл мәселеде келісімге келе алсақ, онда екі жақты қарым-қатынасымыз жаңа деңгейге көтеріледі» деді.

Ресей Еуропадағы зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің өзіне бағытталмағанына көз жеткізгісі келеді. Бірақ НАТО оның Иран сияқты елдерден қорғану үшін қойылғанын айтып келеді.

Андерс Фог Расмуссен Ресеймен 2012 жылы АҚШ-та өтетін НАТО саммитіне дейін ортақ мәмілеге келетініне сенетінін айтты. Бірақ Сергей Лавров НАТО-ның зымыраннан қорғану мәселесінде шынымен ынтымақтасуға дайын емес дейді.
XS
SM
MD
LG