Accessibility links

Беларусь елдегі Германияның саяси қорына тыйым салды


Беларусь сыртқы істер министрлігі елде жұмыс Германияның саяси қорына тыйым салды. Министрлік мұны Германияның Беларуське "айқын радикалдық саясат ұстанып отырғанымен" түсіндіреді.

Германияның Социал демократиялық партиясымен байланысы бар Фридрих Эберт қоры Беларусьте 1997 жылдан бері жұмыс істейді. Германия канцлері Ангела Меркель қыркүйекте Беларусьтің оппозиция мүшелеріне қатысты әрекетін сынаған болатын. Мамыр айында Беларусь билігі оппозициядан президенттік сайлауға түскен Андрей Санниковты демонстрацияға қатысқаны үшін 5 жылға соттады.

Президент Александр Лукашенко 2010 жылдың желтоқсанында қайта сайланған еді. Еуропалық сарапшылар ол сайлауды "әділ өткен жоқ" деген бағалады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG