Accessibility links

Барак Обама: "Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермейміз"


АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама Вашингтонның Иранға ядролық қару жасатпау үшін барлық шараны қолданатынын мәлімдеді. Бұл жолда АҚШ Израиль және да одақтастарымен бірге жұмыс істемек.

Кеше Вашингтонда сөйлеген Обама ол шараларды нақтылап айтпады. Бірақ Иранның жасырын ядролық қару жасауға жұмыс істеп жатқаны АҚШ-тың және Израиль сияқты одақтастарының мүдделеріне қайшы келетінін жеткізді.
Барак Обама Республикалық партия саясаткерлерінің "президент әкімшілігі Иранның ядролық бағдарламасын тоқтатуға қатысты тыңғылықты ешнәрсе жасамады" деген айыбын жоққа шығарды. Ол өз әкімшілігінің Иранға қатысты жүйелі түрде қатаң санкциялар салып жатқанын жеткізді.

Өткен айда МАГАТЭ Иранның ядролық қару жасауға талпынып жатқанын хабарлаған болатын. Бұдан соң АҚШ пен Еуроодақтың бірнеше елі Иранға қарсы қатаң санкциялар енгізген. Иран ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатта екендігін айтып келеді.
XS
SM
MD
LG