Accessibility links

Адам құқықтары бюросы: "Қазақстанда адам құқықтары нашарлап барады"


"Қазақстандағы адам құқықтарының жай-күйі нашарлап барады" деп хабарлайды бүгін Алматыда адам құқықтары және заңдылықты сақтау қазақстандық халықаралық бюросының өкілдері.

Халықаралық адам құқықтары күніне орай өткізілген баспасөз жиынында бюро өкілдері Қазақстандағы адам құқықтарының жыл сайын нашарлап бара жатқанын атап өтті. Бюро өкілдерінің пікірінше, Қазақстанда адам құқықтары бойынша заңнамаларды халықаралық талаптарға сәйкестендіру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілген жоқ. Бұған Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға мүше болғаны да еш әсер етпеген.

Бұдан өзге, бюро өкілдері Қазақстанның адам құқықтарын жақсартудағы жоспарларынан алшақтап бара жатқанын келтіреді. «Түзеу мекемелерінің әділет министрлігінен ішкі істер министрлігіне өтуі мен дін туралы заңның қабылдануы бұған дейін қолға алынған реформалардан кері кету болып табылады» дейді халықаралық бюро өкілдері.

2009 жылы қабылданған интернет туралы заң мен биыл үкімет дайындаған «Телехабарлар тарату туралы» және «Ұлттық қауіпсіздік туралы» заң жобаларына бюро өкілдері адам құқықтарын шектейді деп алаңдаушылық білдіріп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG