Accessibility links

Бұрынғы министр Түркіменстан билігін сынады


Түркіменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедов.
Түркіменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедов.
Түркіменстанның бұрынғы мәдениет министрі Гелдімұрат Нұрмұхаммедовелдің басқарушы партиясына қарата "елде демократияның жоқ және адам құқықтары сақталмай отыр" деп сынады.

Бұрынғы мәдениет министрі Гелдімұрат Нұрмұхаммедов кеше: «Халық 2012 жылғы 12 ақпанға жоспарланған президент сайлауын қош көрмейді. Себебі президенттің Түркіменстан демократиялық партиясы – елде тіркелген жалғыз партия болып отыр» дейді.

Гелдімұрат Нұрмұхаммедов 1992-1995 жылдары елдің мәдениет министрі және кейін парламент депутаты болды. Ол: "Түркіменстан парламенті елдің саяси өмірінде ешқандай рөл атқармайды" дейді. Оның айтуынша, елде партия құрғысы келетіндер көп, бірақ саяси партия құру туралы заң жоқ.

Түркіменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедов 3 желтоқсанда елдегі президент сайлауы «демократиялық тұрғыда, ашық және әділ» өтетінін мәлімдеген болатын. Ол сондай-ақ басқа саяси партияны ресми түрде тіркеуге рұқсат берілуі мүмкін екенін айтқан. Бірақ әзірге рұқсат берілген жоқ.

Президент сайлауында президентке кім бәсекелес болатыны әзірге белгісіз.
XS
SM
MD
LG