Accessibility links

Үндістанда аурухана өртеніп, 40 адам қаза тапты


Калькутта провинциясында өртенген ауруханадан құтқарушылар адамдарды шығарып жатыр. Үндістан, Калькутта, 9 желтоқсан 2011 жыл.
Калькутта провинциясында өртенген ауруханадан құтқарушылар адамдарды шығарып жатыр. Үндістан, Калькутта, 9 желтоқсан 2011 жыл.
Үндістан билігі бүгін Калькутта провинциясындағы ауруханада шыққан өрттен 40 адамның қаза болғанын хабарлады. Олардың көпшілігі бес қабатты ғимарат арқылы тараған түтін мен жалыннан қаза тапқан деген болжам бар.

Жекеменшік ауруханадағы өрт бүгін таңертең оның жертөлесінен шыққан. Өрт шыққаны бірден белгілі болмаған. Полиция 60 тан астам адамның құтқарылғанын айтады.

Құтқарушылар ауруханада әлі қанша адамның қалғаны әлі белгісіз дейді.
XS
SM
MD
LG