Accessibility links

Иран АҚШ-ты "тыңшылық жасады" деп айыптады


Баграмдағы АҚШ әуе базасынан ұшып шыққан Француз армиясының ұшағы. Ауғанстан, Баграм, 26 желтоқсан 2010 жыл.
Баграмдағы АҚШ әуе базасынан ұшып шыққан Француз армиясының ұшағы. Ауғанстан, Баграм, 26 желтоқсан 2010 жыл.
Иран бүгін БҰҰ-ға АҚШ-тың барлау ұшағы өзінің әуе кеңістігін заңсыз бұзып кірді деп наразылық білдірді.

Иран мемлекеттік телеарнасы Тегеранның БҰҰ-дағы өкілі Мохаммад Хазаейдің БҰҰ қауіпсіздік кеңесі мен бас ассамблеясына бұл «қауіпті және заңсыз әрекетті» айыптап, енді мұндай әрекетке жол бермеуді сұраған хатын тапсырды деп хабарлады.

НАТО-ның басқаруындағы халықаралық қауіпсіздікті сақтау күштері атып түсірілген ұшақтың Ауғанстанның батысында жүріп адасып кеткен АҚШ-тың қарусыз барлаушы ұшағы болуы мүмкін дейді. Тегеран болса оның Иран аумағында тыңшылық жасап жүргенін және оны Ауғанстан шекарасынан 200 шақырым қашықта атып түсіргенін айтады.

Кеше Иранның мемлекеттік телеарнасы елдің революциялық гвардиясы атып түсірген барлау ұшағын бірінші рет көрсетті.
XS
SM
MD
LG