Accessibility links

Еуроодақ жетекшілері еуроны сақтап қалуға келісті


Ұлыбритания премьері Дэвид Кэмерон Еуроодақ саммитінен кейін өткен баспасөз жиынында сөйлеп тұр. Бельгия, Брюссель, 9 желтоқсан 2011 жыл.

Ұлыбритания премьері Дэвид Кэмерон Еуроодақ саммитінен кейін өткен баспасөз жиынында сөйлеп тұр. Бельгия, Брюссель, 9 желтоқсан 2011 жыл.

Еуроодақ жетекшілері бүгін Брюссельде өтіп жатқан саммитте еуроны нығайтуда ортақ келісімге келді. Бірақ келісімге одақтың 27 мүшесінің тек 23 ғана қосылды.

Еуроодақтың еуроны қолданатын 17 елі мен өзге 6 мемлекет кең көлемде қаржылық қарым-қатынас пен қатаң бюджеттік шараларды енгізуге бағытталған құжатқа қол қойды.

Еуроодақтағы экономикасы қуатты Германия мен Франция бұған дейін еуроны күшейтуге бағытталған жаңа келісім жасау керектігін ұсынған болатын. Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон оны Ұлыбритания мүддесіне қайшы келеді деп, қолдамайтынын о бастан ескерткен болатын.

Венгрия да жаңа келісімге қосылмайтынын айтса, Чехия мен Швеция парламенттерімен кеңесу керектігін жеткізді.

Бельгияның астанасы Брюссельде өтіп жатқан саммит еуроны сақтап қалудың соңғы мүмкіндігі болып саналады. Еуроодақтың кейбір елдеріне қарыздарын төлей алмау қаупі туындағандықтан, халықаралық қаржы нарығында еуроға деген сенім жоғала бастаған болатын.
XS
SM
MD
LG