Accessibility links

Мәскеу оппозицияға бүкілхалықтық шеру өткізуге рұқсат етті


Калининград қаласында сайлауға наразылық танытқандар шеру өткізіп жатыр. Ресей, Калининград, 7 желтоқсан 2011 жыл.
Калининград қаласында сайлауға наразылық танытқандар шеру өткізіп жатыр. Ресей, Калининград, 7 желтоқсан 2011 жыл.
Ресей билігі оппозицияға сайлау барысына қарсылық танытқан шерулер өткізуге рұқсат берді.

Ресей ішкі істер министрі Рашид Нұрғалиев бүгін Мәскеуде полиция жетекшілерімен кездесуінде сонымен қатар «рұқсат етілмеген шерулер басып-жанышталатынын» ескертті. «Азаматтардың өздерінің еркін білдіруге құқы бар. Бірақ ол басқалардың құқықтарын шектемеуі керек» деді министр.

Мәскеу басшылығы бүгін Мәскеуде сенбіге жоспарланған 30 мың адам қатысатын шеру өткізуге рұқсат берді.

Мыңдаған адам дүйсенбіден бері Ресейде өткен парламент сайлауының барысына наразылық танытқан шерулер өткізіп келеді. Мәскеу мен Санкт-Петербургте содан бері 800 дей демонстрант тұтқындалды.

Ресей орталық сайлау комиссиясы «Единая Россия» партиясы сайлаушылар даусының жартысына жуығына ие болғанын алдын ала хабарлаған болатын. Сайлаудың ресми нәтижесі бүгін кештетіп шығуы тиіс.
XS
SM
MD
LG