Accessibility links

10 желтоқсан - әлемдік адам құқықтары күні


10 желтоқсанның әлемдік адам құқықтары күні ретінде аталып келе жатқанына биыл 63 жыл толды.

1948 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы Адам құқықтары декларациясын қабылдаған болатын.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қабылданған бұл құжат бойынша адам құқықтарының теңдігі бірінші рет ғаламдық деңгейде мойындалған еді.

БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша комиссары Нэви Пиллай: «2011 жылдың ерекшелігі - түрлі елдердегі диктаторлық режимдерге қарсы күресте халықтың әлеуметтік медиа жүйелерін кең қолданғаны. Оның бір дәлелі ретінде Twitter, Facebook арқылы тараған «Араб көктемін» айтуға болады», - деді.
XS
SM
MD
LG