Accessibility links

Ослода үш әйелге Нобель сыйлығы табыс етілді


2011 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттарын марапаттау сәті. Осло, 10 желтоқсан, 2011 жыл.
2011 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттарын марапаттау сәті. Осло, 10 желтоқсан, 2011 жыл.
Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы иегерлері - Либерия президенті Эллен Джонсон Серлиф, Либерияның бейбітшілік үшін күрескері Лейма Гбоуи, йемендік белсенді Тауаккул Карман Нобель сыйлығының алтын медалі мен дипломын алып, 10 миллион швед кронына тең (1,48 миллион АҚШ доллары ) сыйлықты бөлісті.

Норвегия Нобель комитетінің президенті "2011 жылдың лауреаттары - әлемде соғысты жойып, бейбітшілікті баянды ету үшін, адам құқықтарының теңдігі мен қорғалуы, демократия жолында күрескен озық әйелдер" деді сыйлықты тапсырып тұрып.
XS
SM
MD
LG