Accessibility links

Немцов: оппозиция жаңа акциялар әзірлеп жатыр


Мәскеудегі сайлаудағы бұрмалаушылықтарға қарсы акция, 10 желтоқсан, 2011 жыл.

Мәскеудегі сайлаудағы бұрмалаушылықтарға қарсы акция, 10 желтоқсан, 2011 жыл.

Билік сенбі күні Ресейдің ондаған қалаларында өткен наразылық митингілерінің талаптарына құлақ қоймаса, оппозиция парламент сайлауы нәтижелерінің бұрмаланғанына қарсы жаппай наразылық акцияларын қайтадан ұйымдастырады. Бұл турасында тіркелмеген «Халық азаттығы» партиясының тең төрағасы Борис Немцов Азаттықтың орыс қызметіне берген сұқбатында айтқан.

Ресейдегі митингіге қатысушылар 4-ші желтоқсанда өткен сайлау қорытындылары қолдан жасалғандықтан, оны жоққа шығаруды, саяси тұтқындарды босатуды, оппозициялық партияларды тіркеуді талап еткен-ді.

Немцовтың айтуынша, оппозиция қазір сайлаудағы заң бұзушылықтарға қатысты сотқа түсіретін шағымдарды даярлап жатыр екен.
XS
SM
MD
LG