Accessibility links

Дмитрий Медведев Ресейде қайтадан сайлау өтпейтінін мәлімдеді


Ресей президенті Дмитрий Медведев Чехияға сапарында. Прага, 8 желтоқсан 2011 жыл.
Ресей президенті Дмитрий Медведев Чехияға сапарында. Прага, 8 желтоқсан 2011 жыл.
Ресей президенті Дмитрий Медведев оппозицияның парламент сайлауын қайтадан өткізу талабын қабылдамады. Ол бұл өзінің Facebook парақшасында жазды. Президент сайлау учаскелеріндегі заң бұзушылықтар туралы барлық мәліметтерді тексеруге тапсырма бергенін де қайталап айтты.

Өткен сенбіде Ресейдің бірнеше қаласында сайлау нәтижелерінің бұрмаланғанына наразы жұрт көшеге шыққан. Олар биліктен тұтқындалған шерушілерді босатып, елде қайтадан парламент сайлауын өткізуді талап еткен еді.

Сондай-ақ кеше Мәскеудің орталығында 300-ге жуық ұлтшыл жиналып, орыс ұлтшылдарын мемлекет саясатына көбірек араластыруды талап етті.
XS
SM
MD
LG