Accessibility links

Грузия миллиардері Саакашвилидің биліктен кетуін талап етті


Бидзина Иванишвили өзі құрған "Грузияның арманы" қозғалысының алғашқы жиынында. Тбилиси, 11 желтоқсан 2011 жыл.

Бидзина Иванишвили өзі құрған "Грузияның арманы" қозғалысының алғашқы жиынында. Тбилиси, 11 желтоқсан 2011 жыл.

Грузияда кеше мыңдаған адам Грузияның 55 жастағы миллиардері Бидзина Иванишвили құрған жаңа қозғалыстың алғашқы жиынына қатысты.

"Грузияның арманы" қоғамдық қозғалысының жетекшісі Иванишвили "Ел билігі тозып бітті, әрі ол қоғам мен мемлекеттің дамуына кедергі жасап отыр" деп мәлімдеп, президент Михаил Саакашвилидің биліктен кетуін талап етті.

2003 жылы халық толқуларының нәтижесінде билікке келген Михаил Саакашвилиді соңғы кезде оппозиция мен бәсекелестері "еркіндік пен демократияны тұсап отыр" деп сынап жүр.
XS
SM
MD
LG