Accessibility links

Иран Каспий теңізінен мол газ қорын тапты


Иранның Каспий теңізіндегі алғашқы оффшорлық мұнай өндіру кешені. Иран, Каспий теңізі, 24 шілде 2009 жыл.
Иранның Каспий теңізіндегі алғашқы оффшорлық мұнай өндіру кешені. Иран, Каспий теңізі, 24 шілде 2009 жыл.
Иранның мұнай министрі Ростам Кассеми Каспий теңізінің осы елге қарасты тұсынан мол көлемдегі табиғи газ қоры табылғанын хабарлады.

Министрдің айтуынша, 50 триллион текше метрге жететін табиғи газ қоры елдің теңізбен шекаралас тұсынан, 700 метр тереңдіктен табылған. Ростам Кассеми Иранның Каспий теңізінде бұдан бөлек барланған 11 триллион табиғи газ қоры бар екенін айтты.

Иран табиғи газ қоры жағынан әлемде Ресейден кейінгі екінші орында тұр. Тегеран газының көпшілік бөлігін өзінің ішкі нарығына пайдаланады.
XS
SM
MD
LG