Accessibility links

Италия кәсіподақтары зейнетақы реформасына наразылық танытпақ


Италия премьер-министрі Марио Монти. 15 қараша 2011 жыл.

Италия премьер-министрі Марио Монти. 15 қараша 2011 жыл.

Италия кәсіподақтары бүгін елде жаппай шеру өткізетіндерін мәлімдеді. Олар премьер-министр Марио Монтидің елді қаржы дағдарысынан құтқару үшін жасап отырған қатаң шараларының бірі - зейнетақы реформасына наразылық танытпақ.

Кеше Марио Монти наразылық шерулерінің алдын алу үшін елдегі кәсіподақтар ұйымының жетекшілерімен кездескен. Алайда ұйым жетекшілері премьердің талаптарына аса назар аудармағанын айтады.

Марио Монтидің қатаң экономикалық шаралары қатарында Италияның ыңғайлы зейнетақы жүйесін түбегейлі реформалау, салық төлемдерін өсіру және тұрғын үй иелерінен алынатын салықты қайта енгізу жоспары бар.
XS
SM
MD
LG