Accessibility links

Қазақстанның Қырғызстанға әскери техника бергені хабарланды


Қазақстан Қырғызстанға біраз қару-жарақ пен әскери техниканы тегін берді деп хабарлайды бүгін қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қырғызстанға берілген қару-жарақтардың арасында 5 бронды техника, 20 автомобиль көлігі және бірнеше ататын қару түрлері бар.

«Қару-жарақ пен әскери техника Қырғызстанға 2011 жылғы 17 наурыздағы үкіметаралық «Өтеусіз әскери көмек көрсету туралы» келісім негізінде беріліп отыр» деп хабарлайды баспасөз қызметі. Әскери техникалар мен қару-жарақтар 9 желтоқсанда Бішкек маңындағы Қырғызстанның әскери бөлімдерінің бірінде табыс етілген.
XS
SM
MD
LG